Главная > Новости > ICMRA ұйымының вакциналарға сенім білдіру туралы Мәлімдемесі (қалың қауымға арналған)

ICMRA ұйымының вакциналарға сенім білдіру туралы Мәлімдемесі (қалың қауымға арналған)

Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының (БДҰ) көрсеткіштеріне сәйкес, вакцина жыл сайын жер шарында 2-3 миллион ажалдан сақтайды. Мүмкін бүкіл әлем COVID-19 пандемиясына қарсы қолданылатын вакцинаны тағатсыздана күтіп отырғандықтан да да болар, Халықаралық дәрі-дәрмекті реттеу коалициясы (ICMRA) вакцинаның маңыздылығына көңіл аударатын уақыт келгенін айтып отыр. ICMRA вакциналар туралы бұл мәлімдемені мына жайттарға байланысты ұсынады:

• вакцинаның Сіз және Сіздің отбасыңыз үшін артықшылықтары мен қауіпсіздігін атап көрсетеді

• вакциналауды әркімнің өзін ғана емес, отбасын, достары мен қоғамды сақтау үшін өтуі қажеттігіне көңіл аударады

• жаһандық реттеу ұйымдары вакциналардың қалың көпшілікке қолжетімді болғандағы қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігіне қатысты жайттарды сенімді, ғылыми, тәуелсіз бақылай алатын  процесстердің бар екендігін жеткізеді

     Вакциналар өмірді сақтайды. Вакциналар жыл сайын миллиондарды қазаға ұшырататын ауыр және қауіпті дерттерден Сіз және Сізді қоршаған адамдарды қорғайды. Оған осал топтарда жыл сайын мыңдаған адамдардың ажалына себепкер болатын қызылша, көк жөтел, полиомиелит, сіреспе және тұмау сияқты аурулар жатады, оған қоса вациналарға қол жетпейтін аймақтарда ұзақ мерзімді денсаулыққа байланысты проблемаларды тудырады. COVID-19 дертінің алдын алатын вакцина әзірге жоқ болса да, мұндай вакцинаны жасап шығару бүгінде қоғамдық денсаулық сақтаудың басты мақсаты, себебі бұл кез-келген адамның өмірін сақтап қалуға әсер ететін мәселе.

Жауапкершілігіміздің көрсеткіші болып табылады. Қоғамда тым жас, тым ауру немесе иммундық жүйесінде ауытқулар болғандықтан екпе жасауға жарамайтын адамдар бар. Бұлар сіздің отбасыңыздың мүшелері немесе сіз білетін – апаңыз бен атаңыз, көршіңіздің жас туған сәбиі, созылмалы ауруы бар әріптесіңіз болуы мүмкін. Егер де біз егілмеген болсақ, ауру осындай адамдарға жұғып қазаға ұшырауына себепкер боламыз. Көптеген елдердің мемлекеттік Денсаулық сақтау министрліктері Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымымен ынтымақтаса отырып, мына сияқты көптеген факторларды – қауіпсіздігі, сапасы, жарамдылығы, қолжетімділігі және экономикалық тиімділігін —   ескеріп екпе жасаудың ұлттық бағдарламасына қандай вакциналардың қосылатынын анықтайды.

Вакциналар реттеуші органдардың тыңғылықты ғылыми бағалауынан соң ғана бекітіледі. Вакциналар пайдалануға рұқсат етуден және халыққа жеткізілерден бұрын қауіпсіздігі, тиімділігі мен жоғары сапасын дәләлдейтін тыңғылықты тексеруден және тестілеуден өтеді. Реттеуші органдар әр вакцинаның клиникалық сынамалар мен өндірістік ақпараттары негізінде артықшылықтарына көз  жеткізетіндей қолда бар үздік ғылыми деректерді пайдаланады.  Реттеуші органдар вакциналар жөніндегі ғылыми комитеттерден тәуелсіз сарапшылар кеңесіне жүгіну туралы шешім қабылдауы да мүмкін. Әр вакцинаны пайдалану туралы шешімді мемлекеттік реттеуші қабылдайды және мұның фармацевтика өнеркәсібіне еш қатысы жоқ..

Вакциналар – тексерілген фармацевтикалық сападағы дәрілер. Вакциналар басқа да дәрілерге қойылатын қатаң нормативтік стандарттарға сәйкес өндіріледі. Вакцина өндірушілер өнімінің сапа стандарттарына сәйкес болуы міндетті және қосымша тексеру ретінде партиялар жеткізілерден бұрын белгіленген ұлттық реттеуші органдарда лабораториялық сынамалардан өтеді. 

Вакциналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету оларды реттеудің ерекше маңызды бөлігі болып табылады. Реттеуші органдар вакцинаны қолдануды оның зиянынан пайдасы көп болғанда ғана рұқсат етеді. Вакциналар басым бөлігінің дені сау қалың көпшілікке (балалар мен жүкті әйелдерді қоса) егіледі. Қауіпсіздіктің өте жоғары стандарттары ықтимал зиян келтіру қаупін азайту үшін қажет.

Реттеуші органдар вакцина жеткізілерден бұрын оның барлық ингредиенттерін бағалайдыВакциналарқұрамында тұтас вирус(тар) немесе бактерия(лар)дан алынған белсенді ингредиенттермен қатар оның тиімділігі мен сақталуын реттеу мақсатында пайдаланылатын басқа да заттар болуы мүмкін. Реттеуші органдар вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін  бағалағанда оның құрамындағы белсенді ингредиенттері және басқа да заттарын қоса алғанда – барлық компоненттеріне мән береді. Вакцинаның әр партиясы ұлттық бақылау лабораториясында жеке тестілеуден өтеді. Вакциналар ерекше топтағы дәрілерге жатады, сондықтан әр өндіруші өзі жасайтын сапасына қатысты тестілерден басқа, пайдаланудан бұрын мемлекеттік бақылау лабораториясында талдамалы тестілеу өткізіледі. 

Реттеушілер және денсаулық сақтау органдары вакциналар бекітіліп, пайдалануға шығарылған соң да оның қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасын қатаң бақылауды жалғастырадыРеттеуші органдар тұтынушылар, медицина қызметкерлері және вакцина өндірушілері тарапынан түскен қолайсыз жайттар туралы хабарларды  алып, бақылап отырады. Вакциналар нарығында жағымсыз жайттардың анықталуын қамтамасыз ететін қауіпсіздікті бақылаудың сенімді жүйелері бар. Вакциналарға қатысты болуы мүмкін деген мәселелер тыңғылықты тексеріледі. Реттеуші органдар медицина қызметкерлері мен халықты белгілі бір вакцинаға қатысты қауіпсіздік мәселелерімен хабардар етіп отырады.

Анықтамалық ақпарат

Вакциналар туралы

Вакциналар — қызылша, көк жөтел, полиомиелит, сіреспе және тұмау сияқты белгілі бір аурулардан Сізді және басқа да адамдарды қорғайтын дәрілер.

Вакцинация — көбіне вакцинаны инемен енгізетін вакцинаны алу процесі. Вакциналар құрамында:

• белсенді емес вирустар немесе бактериялар

• вирустар мен бактериялардың өте әлсіз формалары

• вирустар мен бактериялардың аздаған тазаланған компоненттері

Вакцина алған соң Сіздің ағзаңыздың иммундық жүйесі вирус немесе бактерияны есте сақтауы мүмкін және соның арқасында вирус немесе бактериямен алғаш бетпе-бет келгендегіден гөрі тиімді күресе алады. Әдетте бұл мұндай аурудың Сізге жұғуын болдырмайды, тіпті жұққан жағдайда да дерттің жеңіл болуына әсер етеді. Вакциналаудан соң кейбір адамдар екпе салынған орында сәл ауыру мен ісіну, жеңіл қалтырау сияқты шамалы жанама әсерлерді сезінуі мүмкін. Аллергиялық реакциялар сияқты ауыр жанама әсерлер өте аз. Көптеген мемлекеттерде екпеден соңғы жағымсыз жайттар жөніндегі хабарларды жинақтайтын жүйелер бар. Кейбір вакциналардың қарсы көрсетілімдері бар немесе пайдаланғанда аса сақтықты қажет етеді. Бұл ауыр жанама әсерлері болуы мүмкін белгілі-бір вакциналардың адамдарға салынбауына кепілдік беруге көмектеседі.

ICMRA туралы

ICMRA дәрі-дәрмек айналымын реттейтін әлемнің әр шалғайындағы 29 мекеменің басшыларын біріктіреді, әрі ДДҰ бақылаушы болып қатысады. Реттеуші мекемелер адамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қажетті қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы медициналық өнімдерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүдделілікті мойындап отыр. Бұл стандарттар белгілеу мен шешімдер қабылдаудағы биологиялық қажеттіліктердің дамуын, сонымен қатар бұл өнімнің қауіпсіздігі басым екеніне кепілдік бере отырып инновациялық дәрілік препараттар жасап шығаруды қолдау мен оған қол жеткізуге әкелетін тиімді реттеу процестеріне демеу көрсету. 

http://icmra.info/

деректері негізіндегі ақпарат